Португалиялық футболшы төрешіні нокаутқа түсірді

Португалиялық футболшы төрешіні нокаутқа түсірді

Португалиялық клубтың шабуылдаушысы Канелас Марко Гонсалвеш аймақтық лига матчында төрешіні тізесімен беттен соққаны үшін өмір бойына жарыстан шеттетілетін болды. 

<span>ҚазАқпараттың хабарлауынша, «Канелаша 2010» футболшысы Марко Гонсалвеш өрескел ойыны үшін қызыл қағаз алған. Гонсалвешке бұл ұнамай, төрешімен істің бетін ашпақшы болады. «Канелашаның» тағы екі ойыншысы араласқан жанжал өрши түсіп, Марко тізесімен бас қазыны басынан соғып жібереді. </span><br /><span>«Қарсылас команданың ойыншысы мені балағаттады, оны ұрған жоқпын, жай ғана итеріп жібердім. Ол болса құлап қалды, сосын төреші жүгіріп келді. Оны тіземмен бетінен соққанымды білмеймін. Егер шынымен солай болса, бұл қылығым үшін кешірім сұраймын. Бірақ мен кінәлі емеспін. Қарсыласым мені балағаттады, оқиғаға сол кінәлі», - деп ақталды Гонсалвеш.</span>

<span></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или