«Тобыл» көш басындағы «Ордабасыны» ұтты. Видео

«Тобыл» көш басындағы «Ордабасыны» ұтты. Видео

Бүгін ҚПЛ-дің 18-туры аясындағы «Тобыл» мен «Ордабасы» матчы өтті.

Шымкенттік клуб жазда Еуропа лигасында ел намысын қорғайтындықтан, 18-тур матчын ертерек ойнаған болатын.

Қос клуб та турнир кестесінің үздік үштігінде тұрған. Көш басында «Ордабасы», ал «Тобыл» үштікті түйіндейді.

Қостанайлық футболшылар 18-минутта есеп ашты. Душан Савич қанжығасын майлады. Бұл ойындағы жалғыз гол болатын. Қорытындысы есеп – 1:0.

Осы матчтан кейін командалардың ұпайы теңесті – 10. Осылайша, қос ұжым турнир кестесінде көш бастап тұр.

«Тобыл» - «Ордабасы» 1:0 (1:0)

Гол: 1:0 – Савич 17

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или