Пайет: «Вест Хэмнен» құрамадағы орнымды сақтап қалу үшін кеттім
«Марсельдің» жартылай қорғаушысы Димитри Пайет «Вест Хэм Юнайтедтен» кету себебі Франция құрамасындағы орнын жоғалтып алмау үшін жасалған қадам екенін айтты.
«Мен өзіме жақсы таныс «Марсельге» ауыстым. Ол жерде жаңа бапкер, жаңа команда бар. «Вест Хэмде» ойнау маған қиынға соқты. Мен Франция құрамасындағы орнымды жоғалтып аламын ба деп қорықтым. Бір күндері осында оралатынымды білгенмін», —деді Пайет.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или