«Реалға» Арсен Венгер келуі мүмкін
Мадридтік «Реал» «Арсенал» бапкері Арсен Венгерге қызығушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды AS.
Жазда «Реал» президенті Флорентино Перес француздық маманға ұсыныс жасайды деп күтілуде. Мадридтік клубтың басшысы Арсен Венгер клубты одан сайын күшейте алатынына сенімді. Бизнесмен Венгерге директорлық қызметтердің бірін ұсынбақшы.
Сондай-ақ, Арсен Венгер клубқа бас бапкер болып келуі де мүмкін. Алайда ол Зинедин Зидан «Реалды» Испания Ла лигасында жеңімпаз атандыра алмаған жағдайда ғана орын алады.
Айта кетейік, Флорентино Перес Венгердің бапкерлік талантына бұрыннан қызығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или