«Челси», «Милан» командалары Қазақстанға келуі мүмкін

«Челси», «Милан» командалары Қазақстанға келуі мүмкін

Еуропаның алпауыт командаларының бірі Қазақстанға келіп, ұлттық құрамамен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін, деп хабарлайды жергілікті басылымдар.

«Біз ЭКСПО кезінде еуропалық алпауыт команданың келуін күтудеміз… Менің білетінім «Челси», «Милан» клубтарымен келіссөз жүргізіліп жатыр. Аталған команданың бірі келіп Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Барлық команданың қоятын жалғыз талабы бар – алаңның сапасы жақсы болуы», - деп мәлімдеді Астана дене шынықтыру және мәдениет басқармасының басшысы Берік Маржықпаев Астанада өткен баспасөз маслихатында.

Оның айтуынша «Астана Арена» стадионына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Газонды ауыстырып жатырмыз, 1-ші мамырда жөндеу жұмысын аяқтаймыз», - дейді Берік Маржықпаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или