Африкалық босқын А Сериясында «Миланға» қарсы ойнады
Сенегалдық Мамаду Кулибали 2015 жылы Еуропаға баржа арқылы жеткен.
2 сәуірде «Пескараның» 18 жастағы ойыншысы «Миланға» қарсы матчта негізгі құрамда шықты. Бұл африкалық ойыншының Италия чемпионатындағы екінші матчы болатын. 19 наурызда «Аталантамен» кездесуде екінші таймда ойнаған еді.
Кулибали Еуропаға келген соң, алдымен, оған көшеде өмір сүруге тура келген. Сенегалдық ойыншы басында Францияда, кейін Италияда тұрды. Достарымен футболмен ойнап жүргенде оны «Пескара» өкілдері байқап қалған. Сөйтіп, ол алты ай бойы клубпен жаттығу жасап, кейін келісім-шартқа отырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или