Саусағы шығып кетсе де, соңына дейін ойнады. Видео

Саусағы шығып кетсе де, соңына дейін ойнады. Видео

«Хоффенхайм» шабуылшысы Сандро Вагнер бундеслиганың 26-турында «Гертаға» қарсы ойында саусағын шығарып алды.

Бұл оқиға берлиндік клубтың капитаны Ведад Ибишевичпен соқтығысып қалған соң болған. Соған қарамастан, Вагнер алғашқы жәрдемнен соң ойынды жалғастыра берді.

«Хоффенхайм» алаң иелерін 3:1 есебімен жеңді. «Герта» сапында Петер Пекарик 32-минутта гол соққан. Ал «Хоффенхайм» бұған Андрей Крамаричдің (39, 86) дублі және Никлас Зюленің (76) бір голымен жауап қатты. 

«Хоффенхайм» 48 ұпай еншілеп, үшінші орында келеді. Ал «Герта» 40 ұпаймен бесінші сатыда тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или