«Реал» өз рекордын жаңартты

«Реал» өз рекордын жаңартты

Испания чемпионатының 29-турында мадридтік «Реал» «Алавесті» 3:0 есебімен тас-талқан етті.

Испанияның елордалық клубы қатарынан 50-ші матчта гол соғып, өзі орнатқан рекордын жаңартты.

Бұған дейінгі рекорд «Барселонада» болатын. Ол 1942-1944 жылдар арасында қатарынан 44 матч бойы алаңнан голсыз кетпеген.

Корольдік клуб соңғы рет 2016 жылдың 26 сәуірінде гол соға алмаған еді. Ол кезде Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Манчестер Ситимен» тең тарқасты – 0:0.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или