«Қайрат» тәрбиеленушілері Сочидегі турнирден жүлдесіз қайтты
«Қайрат» академиясының тәрбиеленушілері Сочи қаласында өткен «Hopes Cup» халықаралық турниріндегі өнерін аяқтады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
2006 жылы дүниеге келген жас футболшылар «Ростовтан» келген құрдастарынан айласын асырды – 2:1. Әлихан Исраилов пен Аруп Саутов гол соқты. Алматылықтар келесі матчында бесінші орынға таласып, «Севастополь» клубынан басым түсті – пенальтиден 2:1.
Ал 2005 жылы туған тәрбиеленушілері жартылай финалда «Краснодар» футбол клубының футболшылармен кездескен. Ресейліктер басым түсті – 1:3, алматылық команда сапында Арсен Тұрысбаев қанжығасын майлады.
Осылайша, «Қайрат» академиясының екі командасы үшін де Сочидегі турнир аяқталды. Естеріңізге сала кетсек, командалардың бас бапкерлері – Артем Гавриленко (2005 жыл) мен Дмитрий Юрков (2006 жыл).