«Астана» соңғы минуттарда қос гол соғып, жеңіске жетті

«Астана» соңғы минуттарда қос гол соғып, жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан чемпионы «Астана» қарағандылық «Шахтерге» қонаққа барып, жеңіске жетті.

Бірінші таймда командалар гол соға алған жоқ. Ал 63-минутта Михаил Габышев алаң иелерін алға шығарды. Елордалықтар матчтың аяғына таман ғана таразы басын теңестіре алды. Кейін төреші қосқан қосымша уақытта Иван Маевский жеңіс голын соғып, «Астана» үш ұпай еншілей алды.

Осы жеңістің арқасында «Астана» 7 ұпаймен төртінші сатыға көтерілді. Ал жеңісті ұстап қала алмаған «кеншілер» жалғыз ғана ұпаймен 11-ші орында тұр.

«Шахтер» — «Астана» 1:2 (1:0)<br />Голдар: <span>Габышев 63 (1:0), Кабананга 88 (1:1), Маевский 90+2 (1:2).</span><span> </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или