Деспотович «Тобылға» жеңіс сыйлады
Қостанайлық «Тобыл» ел чемпионатының 4-ші турында «Тараздан» басым түсті.
Ойындағы жалғыз голды сербиялық шабуылшы Джордже Деспотович соқты.
Осы жеңісінің арқасында «Тобыл» 7 ұпаймен үздік үштікке енді. Ал «Тараздың» еншісінде 2 ұпай бар – жамбылдықтар, әзірше, 10-шы сатыда тұр.
Қазақстан чемпионаты – 2017. 4-ші тур
«Тобыл» 1:0 «Тараз»
Гол:<span> </span>Деспотович 50
«Тобыл»:<span> </span>Непогодов, Деспотович, Кассай, Савич, Шимкович, Малый, Мирошниченко, Мухутдинов, Сартаков, Щеткин, Тағыберген
«Тараз»:<span> </span>Логиновский, Диара, Фещук, Шипицин, Горбанец, Миюшкович, Зайнутдинов, Кургулин, Молтусинов, Таубай, Қожамберді
Төрешілер:<span> </span>Тимур Кумашев, Елеш Құсайынов (екеуі де - Астана), Алексей Шабанов (Алматы)
1 сәуір 2017 ж. Затобольск, «Затоболец» стадионы