Әбдімәлік шахматтан ерлер арасындағы халықаралық мастер атанды
Жансая Әбдімәлік Орта Азияда және Қазақстандағы ерлер арасында ең жас шебер атағын жеңіп алды. Оған бұл атақ мерзімінен бұрын берілді. Бұл туралы BAQ.kz мәлім етті.
«Таяуда ФИДЕ президенттік кеңесі кезінде Жансая Әбдімәлікке International Master (ерлер арасында халықаралық мастер) атағын беру туралы шешімі шықты. Жансая өзінің 17 жасында Қазақстан тарихында бірінші рет ерлер арасында мастер атағын жеңген қыз болып саналады. Бұдан тек ерлер арасында гроссмейстер атағы жоғары. Осы атаққа қол жеткізу үшін Жансая үш ірі жарыста кем дегенде үш халықаралық шебермен ойнап, қажетті ұпайды жинауы керек болған» - деп жазылған шахматшы қыздың Инстаграмдағы парақшасында.
Жансая Әбдімәлік 2000 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген, он төрт жасында гроссмейстер атанды. 2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылғы Азия чемпионатында 20 жасқа дейінгі санатта екінші орын иеленді (жалпы жарыста 6.5 ұпайдан үш ойыншы жинаған - Во Ти Ким Хун (Вьетнам), Жансая Әбдімәлік (Қазақстан) және Синит Челси (Индонезия). Жансая қыздар арасында екі дүркін чемпион атанған. Қазіргі уақытта ТOP-100 Women March рейтингісінде 39 орында тұр. ФИДЕ рейтингінде ол - 2430-орында.