WADA: Допинг қолдануға үгіттеген тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет

WADA: Допинг қолдануға үгіттеген тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет

Дүниежүзілік допингке  қарсы агенттік (WADA) тыйым салынған заттарды қолданған спортшыларға қылмыстық жауапкершілік енгізуді қажет деп санамайды, деп хабарлайды TACC агенттігі.

WADA атлеттерді допинг қолдануға үгіттеген немесе тыйым салынған дәрі-дәрмектерді таратқан тұлғаларды жазалауға бағытталған заңдарды қолдайды. «WADA әр мемлекеттің өз азаматтары үшін заңдарды орнату егеменді құқығына араласпайды, бұл әрбір елдің айрықша жеке құқығы. Спортшыларға келер болсақ, агенттік шеттетілген спортшылардың Лозаннадағы Спорттық арбитраждық сотына қайта шағымдану құқығын қамтитын - санкциялық үдерістердің өзі жеткілікті деп есептейді. WADA жүргізген көптеген құқықтық консультациялар көрсеткендей, спортшыларды екіден төрт жылға дейін жарыстардан шеттетудің өзі лайықты жаза болып табылады. Осылайша, WADA допинг қолданған спортшыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет емес деп есептейді, ол үшін спорттық қозғалыста қандай да бір алғышарттар да жоқ», - делінген WADA-ның хабарламасында.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или