Димитар Димитров: Жеңіске жететінімізге 100 пайызға сенімді болдым

Димитар Димитров: Жеңіске жететінімізге 100 пайызға сенімді болдым

Керекулік «Ертістің» бас жаттықтырушысы Димитар Димитров «Ақтөбемен» болған ойынды қорытындылады. 

— Өз алаңымызда ұтылу жағымды көңіл-күй сыламайды. Жаттықтырушы ретінде бәрін өз мойныма аламын. Бүгінгі нәтижеге мен кінәлімін. Ешкімге кінә артқым келмейді. Кейбір ойыншыларды ресми ойындарда тани алмаймын. Жолдастық кездесулерде олар жақсы ойнаған. Чемпионат басталысымен олар өзгеріп сала берді. Мүмкін бұл психология болар. Сенімділікті өсіру керек. Футболда сенімділіксіз ештеңе істей алмайсың. Әрине, гол соққан кезде мен жүз пайызға жеңіске жететінімізге сенімді болдым. Бірақ сенің командаңдағы қорғаушылар 70% таласта ұтылып жатса... Гол жібердік, содан кейін екінші гол кірді. Мен тәуекелге бардым. Содан кейін үшінші гол жібердік. Бұлай боларын білмедім. Мен кінәлімін. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или