«Қайрат» тағы да ұпай жоғалтты

«Қайрат»  тағы да ұпай жоғалтты

Футболдан Қазақстан біріншілігінің төртінші туры аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» қабылдады.

Ойын қонақтар үшін сәтті басталды деуге келмейді.

Біріншіліктің көшбасшысы «Қайсар» ойынның тоғызыншы минуында өз қақпаларынан доп алып шығуға мәжбүр болды. Гол соққан Қазақстан чемпионатының соңғы екі маусымындағы  үздік сұрмерені Жерар Гоу болатын.

Ойын голдан соң бір сарында өтіп жатты. «Қайрат» ойыншылары бірнеше гол соғатын мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады.

Ал «Қайсар» өз мүмкін ұқыпты пайдаланып есепті теңестіре алды. Голды өз еншісіне «қасқырлардың» капитаны Мақсат Байжанов жазды.

Ойынның бірінші таймы осылайша 1-1 есебімен аяқталды.

Кездесудің екінші бөлігі «Қайраттың» айқын басымдығымен өтті. Алайда алматылық команданың ойыншылары ойын басымдығын голға айналдыра алмады. Ал <span>«Қайсар» болса жата жастана жатып қорғанып өздеріне қол болатын есепті сақтап қалды. </span>

 «Қайрат» 1:1 «Қайсар»<br /> «Қайрат»: Плотников, Суюмбаев,Маркович, Арзо, Қуантаев, Элек, Қуат, Аршавин (Иличевич 46), Исламхан (Жуков 46), Исаэл, Гоу<br /> «Қайсар»: Исламкулов, Аржанов, Граф, Камара, Курьор (Нтибазонкиза 71), Ламанж, Николич, Амирсеитов, Байжанов, Евстигнеев, Нарзилдаев (Коробкин 78)<br /> Голдар: Гоу 9 – Байжанов 35

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или