«Ақтөбе» сырт алаңда «Ертісті» ұтып кетті

«Ақтөбе» сырт алаңда «Ертісті» ұтып кетті

Павлодарлықтар ел біріншілігінің 4-ші турында «Ақтөбемен» ойын өткізді.

Алаң иелері бірден басымдықты өз жағына алуды көздеді. Қонақтарды қыспаққа алмақ болғанымен, шабуылдар еш нәтижесіз аяқталды. Ойын алаң ортасында өрбіді. Екіжақ та аса қауіпті мүмкіндіктер жасай алмады. Ақтөбеліктер де қорғаныста отырып қалмады. Дегенмен олар да қақпадан саңылау таба алмады. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ.

Ойынның екінші жартысында да керекулік ұжым гол соғуға ұмтылды. Бірінші таймға қарағанда сенімді қимылдаған алаң иелерінің қарсылас қақпасына жасаған жорықтары да жиіледі. Ойынның 56-шы минутында Фофана Исмаэл есеп ашып, командасын алға шығарды. Бірақ араға 10 минут салып, қонақтар есепті теңестіріп кетті. Жуниньоның тепкен добын қақпашы Лория ұстай алмады. 72-ші минутта Кирилл Шестаков ақтөбеліктерді алға шығарды. Ал 77-ші минутта Игорь Зенкович есепті еселей түсті. 

 

ҚПЛ. 4-тур

«Ертіс» - «Ақтөбе» - 1:3

Голдар: Фофана Исмаэл 56 – Жуниньо 66, Кирилл Шестаков 72, Игорь Зенкович 77

«Ертіс:<span> </span>Лория, Фонсека, Живкович, Родриго Антонио, Ткачук, Двали, Фофана, Калинин, Кислицын, Гетериев, Дарабаев.

Қосалқы құрам:<span> </span>Шабалин, Воротников, Есимов, Әлиев, Жұмасқалиев, Попов, Джа Джедже, Бандо, Калмыков.

«Ақтөбе»:<span> </span>Сидельников, Барбоса, Торрес, Воловик, Гуйе, Соуза Альмейда, Ермаченко, Аслан, Қайыров, Шестаков, Шурыгин.

Қосалқы құрам:<span> </span>Кәкімов, Розыбакиев, Зенькович, Даутов, Байтана, Айтбаев, Абдукаримов, Витор, Отарбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или