«Ордабасы» «Оқжетпестен» басым түсті

«Ордабасы» «Оқжетпестен» басым түсті

ҚПЛ-дың 4-ші туры аясында «Ордабасы» Шымкентте «Оқжетпесті» қабылдады.

Алғашқы минуттардан алаң иелері шабуылға ден қойып, қонақтардың жарты алаңында жиі пас алмасқан болатын. Дегенмен гол соғатын мүмкіндік туындамады. Шымкенттіктер қанша белсенді болғанымен, қақпадан саңылау таба алмады. Көкшетаулықтар өз кезегінде қорғаныста жатып, қарымта шабуыл жасаудың сәтін күтті. «Оқжетпестің» қарсылас алаңына жасаған сирек жорығының бірінде Политыло айып алаңына пас шығарып, Максим Федин есеп ашты. Бірінші тайм 0:1 есебімен аяқталды.

Екінші таймды қонақтар белсенді бастады. Бірақ есепті теңестіруге тырысқан алаң иелерінің тағы бір талпынысы осы жолы сәтті шықты. Айып алаңына кіре бере соққы бағыттаған Нөсербаев жақын бұрышты дәл көздеп, гол соқты. Есеп теңескеннен кейін шымкенттік ұжым сенімдірек қимылдады. Ал ойынның 69-шы минутында Никита Бочаровтың алыстан бағыттаған соққысын қақпашы Стаменкович ұстай алмады. Қорытынды есеп - 2:1. 

 

ҚПЛ. 4-тур. Шымкент

«Ордабасы» - «Оқжетпес» - 2:1

Голдар: Таңат Нөсербаев 57, Никита Бочаров 69 – Максим Федин 45

«Ордабасы»: Алмат Бекбаев, Абдуллай Диакате, Никита Бочаров, Кирило Ковальчук, Зоран Рендулич, Пабло Фонтанелло, Таңат Нөсербаев, Темірлан Ерланов, Еркебұлан Тұңғышбаев, Санат Жұмаханов, Азат Нұрғалиев (капитан).

Қосалқы құрам: Рамиль Нурмухаметов, Отар Марцваладзе, Преслав Йорданов, Ренат Абдулин, Талғат Адырбеков, Қайрат Әшірбеков, Бекзат Бейсенов, Бекдәулет Қожабаев, Алибек Булешев.

«Оқжетпес»: Саша Стаменкович (капитан), Даниил Чертов, Цветан Генков, Джозеф Нейн, Сергей Политыло, Лукас Хорват, Максим Федин, Нұрлан Дайыров, Тимур Досмағамбетов, Александр Марочкин, Виталий Волков.

Қосалқы: Михаил Голубничий, Александр Козлов, Демият Сламбеков, Антон Куксин, Игорь Юрин, Еркебулан Нұрғалиев, Сергей Кейлер, Берік Шаихов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или