Диего Марадона ФИФА президентімен Мессидің жазасын талқыламақ
Диего Марадона Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Мессидің санкциясын Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантиномен талқылайтынын мәлімдеді.
«Лео – жақсы жігіт, ешқашан ренжімейді. Мен ФИФА президентімен сөйлесемін. Өйткені бұл қатаң жаза. Төрт кездесу өте көп. Бұл шешім өзгертіледі деген үміттемін», - деді Марадона.<br /> Айта кетейік, сол кездесуде төрешілік еткен бразилиялық төрешілер Мессидің тарапынан жаман сөздер естімегенін айтты. Ал Аргентина футбол ассоциациясы Мессиге қолданылған қатаң жазаны аппеляцияға беретінін мәлімдеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или