Ирандықтар өз құрамасын қалай қолдау керегін көрсетті
28 наурызда Тегерандағы «Азади» стадионында 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Иран Қытай құрамасын қабылдаған. Бұл матчты тамашалау үшін 80 мың көрермен сыятын стадионға 100 мың жанкүйер келді.

Жанкүйерлер әр түрлі құрылғылардың үстінде отырып-ақ өз құрамасына қолдау көрсетті. Нәтижесінде Иран құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Осындай жанкүйерлері бар Иран футболшылары 17 ұпаймен А тобында көш бастап келеді. Олар 7 матчта өз қақпаларына әлі гол жібермеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или