«Қайрат М» «Алтай-U18» қақпасына он гол соқты

«Қайрат М» «Алтай-U18» қақпасына он гол соқты

«Қайрат М» командасы Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынында кезекті жолдастық кездесу өткізді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Бұл жолы алматылықтардың қарсыласы Шығыс Қазақстан футболының тәрбиеленушілері «Алтай-U18» командасы болған. Матч қайраттықтардың сенімді жеңісімен аяқталды - 10:0. «Сары-қара» түстілер сапында Айдын Ахмадиев пен Ляо дубльден жасаса, Марлен Айманов, Еламан Ниязбеков, Глеб Евсеев пен Дарын Сүйінов бір голдан соқты.

Бұл Шымкенттегі жиынның ең соңғы матчы болатын. Кешке команда Алматыға қайтады.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или