Сарри - Италия чемпионатының үздік бас бапкері

Сарри - Италия чемпионатының үздік бас бапкері

«Наполидің» бас бапкері Маурицио Сарри Panchina d’Oro жүлдесіне ие болды. 

58 жастағы маман былтырғы маусымның ең үздік бас бапкері атанды. Сауалнамада Сарри 25 ұпай жинап, Массимилиано Аллегри («Ювентус», 22 ұпай) мен Эусебио Ди Франческоны («Сассуоло», 7 ұпай) артта қалдырды. 

Естеріңізге сала кетсек, Маурицио былтыр «Наполидің» тізгінін ұстап, Италия чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или