Рафаэль Варан: Өткен жазда «Реалдан» кетуді ойладым
«Реал» қорғаушысы Рафаэль Варан өзінің спорттық мансабын мадридтік клубта аяқтағысы келетінін айтты. Футболшы испандық клубтың қорғаушыға футболшы ретінде қалыптасуына көп көмегін тигізгенін жеткізді.
– Спорттық мансабымды «Реалда» аяқтасам керемет болар еді. Менің келісімім 2020-ші жылға дейін. Маусым соңында менің болашағым туралы ақылдасамыз. Өткен жазда клубтан кету туралы ойлағам. Өйткені жобадағы өзімнің рөлімді түсінбедім. Алайда клубтың президенті мен бапкері бәрі жақсы болатынына сендірді,- дейді Франция құрамасының қорғаушысы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или