Бородюк: Жанкүйерлердің көңілінен шығатын ойын көрсеткіміз келеді

Бородюк: Жанкүйерлердің көңілінен шығатын ойын көрсеткіміз келеді

Қазақстан құрамасының бапкері Александр Бородюк Әлем чемпионатына іріктеу аясындағы Армениямен болатын ойын алдындағы баспасөз маслихатында алдағы ойын жайлы айтты.

- Бір сұқбатыңызда Армения мен Кипр құрамалары ұқсайды дедіңіз. Несімен?

-Техникалық жағынан екі команданың ұқсайтыны рас. Армения футболы Кеңес өкіметі кезінде өзінің техникасымен ерекшеленген. Сондықтан Кипрмен кездесу біз үшін өте маңызды болды. Бірінші таймда жаман ойнаған жоқпыз. Алайда, кейін көт қателік жібердік. Ол ойын артта қалған шаруа. Жиында жіберген қателіктерімізге талдау жасадық. Ертең ондай қателіктерге жол бермейміз деп ойлаймын.

- Ертеңгі ойынға жаспарыңыз қандай? Бөлісе аласыз ба?

- Ойынға жоспар команданың ішкі шаруасы. Жалпы алғанда кез-келген ойында жалғыз жоспар болады. Ол – жеңіске жету. Ал команданың тактикалық дайындығы тек құраманың ішінде ғана талқыланады.

- Логвиненко ойынға қатысады ма? Меркелді шақыру жаспарыңызда бар ма?

- Біз Меркелдің Бундеслигадағы ойынын бақылап отырмыз. Алайда ол қазір ойын тәжірибесіз. Клубында ойнай алмай жүрген ойыншыны құрамаға шақыру миға қонымсыз. Бізде бұл жақта дайындалуға тек төрт ақ күн бар. Сондықтан ойын тәжірибесі бар ойыншыларды шақырдық. Логвиненкоға келер болсақ бүгінгі жаттығуда байқап көреміз. Ол өзін аздап жайсыз сезінуде. Дәрігерлермен ақылдасып, шешім қабылдаймыз.

- Монтенегромен болған ойыннан соң Армения құрамасы ойнаған жоқ. Қарсыласыңыздан қандай күтпеген сый күтесіз?

- Ештеңе айта алмаймын. Ойын көрсетеді. Екі команда да жанкүйерлердің көңілінен шығатын сапалы ойын көрсетсе екен деймін. Көп жағдайда осындай ойындарда жеке шеберлік алдыңғы орынға шығады. Спорттың алтын ережесі бар – мықты команда жеңіске жетеді. Ертең жоғары деңгейдегі футбол болады деген үміттемін.

Армения – Қазақстан кездесуі 26-шы наурыз күні Ереванда өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:00 де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или