Бауыржан Исламхан: Жанкүйерлерді қуанту қажет

Бауыржан Исламхан: Жанкүйерлерді қуанту қажет

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Әлем чемпионатына іріктеу аясындағы Армениямен болатын ойыннан не күтетінін айтты.

«Ертең бізді ауыр ойын күтіп тұр. Біз кездесуге дайынбыз. Бапкеріміз алаңға шығып қолымыздан келетін бар нәрсені көрсетуімізді тапсырды.<br />Кипрға ұтылу көңілге кірбің салды. Алайда біз ертеңгі ойынға дайынбыз. Жанкүйерлерді қуанту қажет. Психологиялық тұрғыдан жеңілістен кейін өзімізге келе алдық. <br />Менде Еуропа лигасындағы «Алашкертпен» болған ойыннан жақсы естелік қалды. «Алашкерт» - жақсы команда. Армения футболы керемет. Мен бұл жақта бірнеше ойын өткіздім. Менде қазіргі уақытта «Қайратпен» келісімім бар. Алайда мықты біріншіліктерден ұсыныс түсіп жатса, басқа чемпионатқа ауысуға дайынмын», - дейді алматылық «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының ойыншысы.

Армения – Қазақстан кездесуі 26-шы наурыз күні Ереванда өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:00 де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или