Артур Петросян: Қазақстан командасы физикалық жағынан мықты
Армения құрамасының бапкері Артур Петросян алда болатын Қазақстан құрамасымен ойын жайлы ойын айтты.
- Менің ойымша, бір деңгейдегі командалар. Турнирлік кестенің соңында тұрғаны ештеңеден хабар бермейді. Бізді қиын ойын күтіп тұр. Қазақстан жақсы құрама. Тең жағдайдағы тартыс болады.
- Кипр – Қазахстан кездесуін қарадыңыз ба?
- Ол ойынды ешкім көрмес үшін бар жағдай жасалған сияқты. Қазақстандық жанкүйерлер де кездесуді көрсетпегені үшін наразы болғанын білемін. Дегенмен, ол ойынның жазбасын қарап қортынды жасай алдық.
- Генрих Мхитарянның формасы қалай? Қазақстан құрамасы жайлы не айта аласыз?
- Генрих қазір жақсы формада, ойынға дайын. Қарсыластың ойынын зерттедік. Бұл физикалық деңгейі жоғары, тоқсан минут бойында қыспаққа алатын команда. Қарсыластың осал тұстары туралы ертең айтатын шығармын.
- Арас Озбилизтің формасы қалай? Шабуылдағы мәселені қалай шешесіздер?
- Арастың «Бешикташ» командасында ойын практикасы жоқтың қасы. Соңғы кездері ол бар болғаны екі ақ ойын өткізді. Оның бірі жолдастық кездесу, ал екіншісі жастар құрамасында. Шабуылға келсек, Шабуылдаушы футбол ойнау үшін бірнеше тактикалық өзгеріс жасадық.
- Мкоян өзінің клубында жарақатына байланысты ойнамады. Ол ойынға дайын ба?
- Ол жарақат салдарынан екі айын жоғалтты. Тек екі апта бұрын жаттығуға кірісті. Сондықтан формасын жинап үлгермеді.
- Әр жылдары Қазақстанда Альберт Саркисян, Геворк Казарян, Артур Едигарян сияқты атақшы ойыншылар ойнады. Олардан ақыл-кеңес сұрадыңыз ба?
- Қазіргі уақытта ақпараттың тапшылығы деген мәселе жоқ. Шынымды айтсам, сұрамадым. Себебі қарсылас жайлы барлық ақпарат біздің қолымызда бар.