Хесус Навас «Севильяға» қайта оралады
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Хесус Навас жақын күндері «Севильяға» қайта оралады деп хабарлайды испандық БАҚ.
Ойыншының «Манчестер Ситимен» келісімі маусым соңында аяқталады. Манчестерлік клуб келісімді ұзартқысы жоқ. Ал қазірдің өзінде Навас ұлын келесі оқу жылына Севильядағы мектепке беріп үлгерген.
Биылғы маусымда 31 жасар ойыншы АПЛ-да 15 ойын өткізді.
«Севилья» командасында Навас 2003-2013-ші жылдар аралығында он жыл ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или