Жеңіл атлеттеріміз әлем біріншілігінде бақ сынайды
<span>Қазақстандық жеңіл атлеттер Лондонда 4-13 тамыз аралығында өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. </span>
<span>Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы федерациясы бұл күндері атлеттердің әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың қандай нормативтерді орындауы керек екенін де жария етті. </span>
<span>Лондонға жолдама алу үшін, спортшылардың 2016 жылдың 1-ші қазаны мен 2017 жылдың 1-ші маусымы аралығында көрсеткен көрсеткіші басты назарға алынбақ екен. Яғни, 5 айдағы көрсеткіші нормативте белгіленген шарттарға сәйкес келсе, Британия астанасында өтетін біріншілікке жолдама алады. </span>
<span>Ал, белгіленген уақытқа дейін немесе сол уақыттан кейін жасалған жетістіктер ескерусіз қалмақ. Осының арқасында, еліміздің 5 атлеті нормативті мерзімінен бұрын аяқтап, лицензияға қол жеткізді. Тағы 4 спортшы спорттық жүрістен, 1 спортшы марафоннан нормативте белгіленген тапсырманы орындап қойған. Енді алдағы күндері бұ спортшылардың қатары артуы мүмкін.</span>