«KazSport» 4-турда екі матчты көрсетеді

«KazSport» 4-турда екі матчты көрсетеді

«KazSport» телеарнасы футболдан ел чемпионатының 4-турында екі ойынды тікелей эфирде көрсетпек.

Жанкүйерлерге, алдымен, Павлодардағы кездесу ұсынылады. Жергілікті «Ертіс» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды. Пентакомпеондар жекпе-жегі Астана уақытымен 16:50-де басталады.

Артынша, алматылық «Қайрат» өз алаңында көш басындағы «Қайсармен» кездеседі. Бұл ойын 19:20-да бастау алмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или