Нурмагомедов – Фергюсон кездесуі күзде өтуі мүмкін

Нурмагомедов – Фергюсон кездесуі күзде өтуі мүмкін

Аралас жекпе-жек спортшысы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов ұлының жекпе-жекке қашан орала алатынын айтты.

«Хабиб қазір Германияда, тексерістен өтіп жатыр. Сол тексерістің нәтижесі бойынша жекпе-жекті күзде өткізуіміз мүмкін. Әзірше айта алатыным осы», - деді Абдулманап.

Естеріңізде болса, Хабибтің денсаулығы 3 наурызда нашарлап кеткен болатын. Келесі күні ол Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді. Салмақ өлшеу рәсімі күнінде Хабибге дәрігерлердің көмегі қажет болып, кездесу кейінге шегерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или