Қостанайдың тумасы Ресей сапында дубль жасады

Қостанайдың тумасы Ресей сапында дубль жасады

Қостанай қаласының тумасы Александр Зуев Ресей жастар құрамасы сапында Румынияға қарсы жолдастық кездесуде ойнады.

Зуев 68-ші, 70-ші минуттарда гол соғып, дубль авторы атанды. Оған дейін таблодағы көрсеткіш 1:1 болып тұрған. Матч 5:1 есебімен аяқталды.

Зуев Қостанайда туып, жергілікті «Тобылдың» футбол мектебінде тәлім алған. Алайда 2005 жылы Ресейге көшіп кетіп, содан бері сол елдің жасөспірімдер, жастар құрамасында ойнап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или