Қазақстан құрамасы Ереванға жетті

Қазақстан құрамасы Ереванға жетті

Бүгін Қазақстан құрамасы Ларнакадан чартерлік рейспен Армения астанасы Ереванға келіп қонды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Екі сағат жолдан кейін команда қала ортасындағы қонақүйлердің біріне орналасты. Кешке Еревандағы «Бананц» футбол клубының стадионында алғашқы жаттығу өтпек.

Ертең команданың матч алдындағы жаттығу және бас бапкер Александр Бородюктің қатысуымен баспасөз мәслихаты болады.

31ae335b8c90a3f5b60e0a2359d1f0bb.jpg

c169a3cf48c73f46098c3ef795fc1571.jpg

03ebd5d2bf9206882af9cd7efc59935a.jpg

01feead74e6047f89e1a2fc7e538843e.jpg

2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турниріндегі Армения мен Қазақстан арасындағы матч 26 наурыз күні Вазген Саркисян атындағы Республикалық стадионда өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или