Тотти: Бапкер бола алмасам, таланттарды іздеумен айналысамын
«Романың» шабуылшысы әрі капитаны Франческо Тотти мансабын аяқтағаннан кейін немен айналысатынын айтты.
«Мен немен айналысытыным жайлы көп ойландым. Футбол – менің өмірім. Маған ойнаған ұнайды, бірақ 5-10 жыл бұрынғыдай ойнала алмайтыным қынжылтады. Дегенмен, бапкердің шешімін құрметтеймін. Қытайға ауыссам, мүмкін жалғастыра берер ме едім? Мен шешім шығардым. Бірақ, айтқым келмейді. Себебі, ойымнан айнып қалуым мүмкін. Әлі де ойнап, бапкер болуым ғажап емес. Тек үстелде отырып жұмыс істегім келмейді. Болмаса, таланттарды іздеуге кірісемін», — деп Тоттидің сөзін Football Italia жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или