«Тараз» қорғаушысы Тәжікстан құрамасында ойын өткізді
Футболдан Тәжікстан құрамасы Бахрейнмен жолдастық кездесу өткізді.
Бахрейннің ұлттық стадионында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Тәжікстандық футболшылар Манучехр Джалилов соққан голдың арқасында алда тұрған. Алайда ойынның 93-ші минутында қақпаларына гол жіберіп, тең есепті қанағат тұтты.
Бұл ойында «Тараз» қорғаушысы Давронджон Эргашев негізгі құрамда алаңға шығып, 68-ші минутта алаңнан кетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или