Алекс Фергюсон: Роналду мен Месси қартайды
«Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы бапкері Алекс Фергюсон испандық клубтардың жетістігінің себебін айтып берді.
Алекс Фергюсонның ойынша Криштиану Роналду «Реалдан» Лионел Месси «Барселонадан» кеткен соң испандық клубтардың дәуірі аяқталады.
«Чемпиондар лигасында неліктен ағылшындық клубтар жеңіске жетпейді? Бұл қиын. Бәрі белгілі бір клубтың дәуіріне байланысты. 70-ші жылдары «Аякс» пен «Бавария», 80-шы жылдары «Ливерпуль», 90-шы жылдары италияндық командалар үстемдің құрды. Содан кейінгі жылдары ағылшындық командалар керемет жетістікке жетті. Біз төрт жылдың ішінде үш рет финалда ойнадық. Ал қазіргі кезде испандық командалардың дәуірі жүріп тұр. Сондықтан олар Чемпиондар лигасында жеңіске жетеді. Бірақта бұл өзгеруі мүмкін. Роналду мен Месси қартайып барады. Олар спорттық мансабын аяқтағанда бір дәуір аяқталады», - дейді бапкері Алекс Фергюсон