Эдгар Манучарян: Қазақстан құрамасын ұтуымыз керек

Эдгар Манучарян: Қазақстан құрамасын ұтуымыз керек

Футболдан Армения құрамасы мен «Уралдың» шабуылшысы Эдгар Манучарян АФФ-ның ресми сайтына берген сұхбатында Қазақстанға қарсы ойын туралы айтып берді.

- Эдгар, осыдан он үш жыл бұрын Қазақстанға қарсы ойында Армения сапындағы алғашқы кездесуін өткіздіңіз. Сол ойын есіңізде ме? 

- Ол кезде жасым небәрі 17-де еді. Аса есімде жоқ, бірақ матч өте қызық өрбіп, 3:3 есебімен аяқталған болатын. 

- Құрамаға қайта шақыртуыңыз туралы не айта аласыз?  

- Ұлттық құраманың намысын қорғау мен үшін үлкен құрмет. Әріптестерімді сағынып кеттім.  

- Алдағы Қазақстанға қарсы ойыннан қандай нәтиже күтесіз?

- Черногорияға қарсы ойында жігіттер нағыз ерлік көрсетіп, соңғы секундтарда жеңісті жұлып алған болатын. Сол ойындағы жеңісті дәстүрімізді жалғастыруымыз қажет. Қазақстан құрамасы қаншалықты мықты болса да, біз Әлем чемпионатының ақтық кезеңіне шығуға ниеттіміз. Сондықтан біз Қазақстан құрамасын ұтуымыз керек. 

Естеріңізге сала кетсек, Армения мен Қазақстан арасындағы ойын наурыздың 26-ы, Ереван қаласында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или