Жас спортшы «Боец Азии» жарысының екі дүркін чемпионы атанды

Жас спортшы «Боец Азии» жарысының екі дүркін чемпионы атанды

Павлодарлық спортшы қыз Балнұр Оркенова халықаралық «Боец Азии» додасында чемпион атанды. 

Ақтөбе қаласында өткен байрақты бәсекеге Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мен Татарстан мемлекеттерінен 1 500-нан астам спортшы қатысты. 28-келі салмаққа дейін ел намысын қорғаған Балнұр массоги түрі бойынша таэквондо чемпионы атанды. 
Айта кетейік, бұл жарыста былтыр да жас қыз жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, массоги түрі бойынша Иван Сербул және Дархан Молдашев алтыннан алқа тағынды. Ал, Артем Степанов, Алмаз Сағындықов пен Нұрасыл Мұсабеков хъенг бойынша 1-орын иеленді. Павлодар облысының 40 спортшысын Әлемдік таэквондо федерациясының бас төрешісі әрі бапкер Қален Сұлтанғазин бастап барды. Аталмыш жарыс ертең 22 наурызға дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или