Ибрагимович жалақысын көтеруді сұрады
«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Златан Ибрагимович клуб басшылығынан жалақысын көтеруді сұрады.
The Sun басылымының мәліметтеріне сүйенсек, швециялық футболшы жаңа келісімшартқа тек жалақысын көтерген жағдайда ғана қол қояды. Златан командаластары Уэйн Руни және Поль Погбамен бірдей жалақы алғысы келетінін жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, Ибрагимовичтің МЮ-мен келісімі биылғы маусымның соңында аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или