Шоу жазда «Манчестер Юнайтедтен» кетуі мүмкін

Шоу жазда «Манчестер Юнайтедтен» кетуі мүмкін

«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Люк Шоу жазда командадан кеткісі келеді, деп жазды The Metro.

21 жасар Англия құрамасының ойыншысы қазаннан бастап бір ақ ойынға қатысқан. Қорғаушыны өз қатарынан көргісі келетін клубтар қатарында «Саутгемптон», «Стоук Сити», «Кристал Пэлас» және «Ньюкасл» командалары бар.

Люк Шоу «Манчестер Юнайтед» командасына 2014-ші жылы «Саутгемптоннан» ауысқан болатын. Манчестерлік клуб қорғаушы үшін 32 миллион фунт стерлинг төлеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или