Мардан Төлебек: Жуков құрамаға көмектеседі деп ойлаймын

Мардан Төлебек: Жуков құрамаға көмектеседі деп ойлаймын

Қазақстан құрамасына шақырту алған Мардан Төлебек Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлттық команданың алғашқы жиыны туралы айтып берді.

- Жаттығуға кірісіп жатсыздар. Дайындық, көңіл-күй қалай?

- Көңіл-күйіміз жақсы. Бәріміз бүгін жиналып жатырмыз, Ақтөбеден ұшып келдік. Жиналыс болды. Бүгін алғашқы жаттығу, сондықтан жеңіл өтіп жатыр. Кипр мен Арменияға қарсы ойындарға дайынбыз.

- Құраманың бас бапкері Александр Бородюк атанды. Бұл алғашқы жиын. Тапсырмалар берді ме?

- Тапсырмалар болған жоқ. Әзірше тек таныстыру ғана. Себебі бүгін бірінші жаттығуы ғой. Алдағы ойындарда алаңға шыққым келеді. Дайынмын деп айта аламын.

- Физикалық, психологиялық тұрғыда толық дайынсың ба?

- Жаттығуларда сол тұрғыда дайындаламыз.

- Құрамаға Георгий Жуков шақырту алды. Оған көзқарастарың қалай?

- Жуков құрамаға көмектесе алады деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или