Димитар Димитров: «Ертіс» көп мүмкіндіктерін голға айналдырмағаны өкінішті

Димитар Димитров: «Ертіс» көп мүмкіндіктерін голға айналдырмағаны өкінішті

«Ертіс» бапкері Димитар Димитров ҚПЛ-дың үшінші туры аясындағы «Атыраумен» болған ойын жайлы ойын айтты.

 «Менің ойымша, біздің команданың жеңісі заңды. Өз ойыншыларыма алаңда көрсеткен ойындары үшін алғыс айтқым келеді. Біз бірінші таймда да екіншісінде де алаңда басымдыққа ие болдық. Алайда, көп мүмкіндіктерімізді голға айналдыра алмадық. Бақытымызға орай, ойын соңында гол соғып жеңіске жете алдық», - деген Димитровтың сөзін павлодарлықтардың ресми сайты келтіреді.

Естеріңізге салсақ, «Ертіс» пен «Атырау» арасындағы ойын 1-0 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды ойын соңында Родриго соққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или