Шахмат. Динара Сәдуақасова Вьетнам төрінде топ жарды
Шахматшы Динара Сәдуақасова «HDBank Cup International Open Chess 2017» халықаралық турнирінде жеңіске жетті.
Бұл халықаралық турнир 10-17 наурыз аралығында Вьетнам елінде өткен болатын. Оған әлемнің 21 елінен ең мықты деген 130 шахматшы қатысқан. Екінші орынды әлем чемпионатының экс-чемпионы Антуанета Стефанова иеленді. Үшінші орында сингапурлық Ли Руофан жеңіп алды. Отандасымыз әлемдік рейтингте жағдайын біршама жақсартып алды. Динара бұл күні әйелдер арасында үздік 30-дыққа енген алғашқы Қазақстандық шахматшы атанып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или