Подольски Англияға қарсы матчтан кейін құрама сапындағы мансабын аяқтайды

Подольски Англияға қарсы матчтан кейін құрама сапындағы мансабын аяқтайды

«Галатасарайдың» шабуылшысы Лукаш Подольски 22-ші наурыз күні Германия құрамасы сапындағы соңғы матчын өткізеді.

Дортмундтағы Англиямен болатын ойын 31 жастағы Подольскидің <span>Германия құрамасындағы </span>130-ші матчы болмақ. Бұл оның халықаралық мансабындағы соңғы ойыны болады, деп хабарлайды Германия футбол одағының ресми сайты.  

Футболшы Германия сапында 48 гол соғып, екі мәрте әлем чемпионатының қоласын алса, 2014 жылы әлем біріншілігін жеңіп алды. 

Жазда Подольски мансабын Жапонияда жалғастыруды жоспарлап отыр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или