Чемпиондар лигасы финалының билеттері сатылымға түсті
Чемпиондар лигасы 2016/17 жылғы маусымының финалдық кездесуінің билеттері сатылымға түсті.
Бұл жайлы УЕФА-ның ресми сайты мәлімдеді. Ең арзан билет 60 фунтты, ал ең қымбат билет 390 фунтты құрайды.
«Алаңның сыймдылғы 66000 көрермен, оның 41500 билеті жанкүйерлер мен бейтарап көрермендерге арналған. Финалдық кездесуге жолдама алған командаға 18000 билет беріледі. Ал 5500 билет uefa.com сайты арқылы сатылымға түседі. Қалған билеттер ұйымдастырушы комитетке, УЕФА-ның ұлттық құрамалар ассоцияциясына және ұйымның коммерциялық серіктестеріне таратылмақ».
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или