Ваит Талғаев: «Таразға» Черногория құрамасының ойыншысын аламыз

Ваит Талғаев: «Таразға» Черногория құрамасының ойыншысын аламыз

«Тараздың» бас бапкері алматылық «Қайратқа» қарсы (0:0) ойын туралы пікірін айтты:

- Ойын ауыр өтті. Бүгін өйтіп-бүйтім құрам жасақтадық, жанкүйерлер екінші таймда ойыншы ауыстыруымызды талап етті. Бізде жергілікті жастар бар, бірақ олар позиция бойынша келмейді. Шабуылшылар жоқтың қасы, қазір Мухаметшиннің жарақаты бар.

Басымдықты беріп қойдық, себебі біздің жағдайымызда «Қайратқа» қарсы шабуылдаушы футбол көрсету – ауыр болар еді. Кей жерде қарымта шабуылдар болды, ал кейде соңғы пас жетіспей жатты. Бізге қазір үзіліс қажет, ойыншылардың жарасын жазу қажет. Осыған дейін екі ойыншымыз алаңнан қуылған, енді орталық қорғаушы келу керек. Визасы дайын тұр, бұл Черногория құрамасының ойыншысы. Әрине, негізгі құрамында ойнамайды.

Үзіліс демалу үшін емес, физикалық тұрғыда дайындалу үшін қажет., бізде бір ғана жиын болды, сондықтан 20-да Алматыда жиынымыз басталады, Қостанайдағы ойынға дайындаламыз.

Жігіттер жарады, мінез көрсетті. Ұпай жинап алды, жолымыз болғанда ғой – Қожамберді гол соғуға жақын болған. Оның жанын салып ойнағанына көңілім толады. Ол өзіне қойылған тапсырманы орындады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или