«Астана» алғашқы жеңісіне жетті (+ВИДЕО)
«Астана» оралдық клубты қабылдап, жеңіске жетті.
«Астана» осы маусымда өз алаңындағы алғашқы ойынын өткізген болатын. Елордалық клуб біріншілік басында жоғалтқан ұпайларын қайтару үшін, бірден шабуылға шықты. Бірінші таймда басымдықты өз қолына алған алаң қожайындары, ойынның 11-ші минутында есеп ашты. Джуниор Кабананга гол соғып, командасын есепте алға шығарды. Ал, екі минут өткеннен кейін Аздрен Ллуллаку есепті еселей түсті. Бірінші тайм аяқталғанша есеп өзгермеді.

Екінші тайм ойынның бірінші жартысына қарағанда бәсеңдеу өтті. Бірнеше мәрте Стойловтың шәкірттері гол соғатын мүмкіндікке ие болған болатын. Мұжықов қақпа бағанасына тигізсе, Кабананга тепкен доп қиыс кетті. Қонақтар сапында Изу Азука Мокинмен бірге-бір шығып, қақпашыны алдап өтіп соққы бағыттаған. Бірақ шабуылшы гол соғатын мүмкіндікті жіберіп алды. Матчтың 62-ші минутында Серікжан Мұжықов қарсыластың айып алаңында бірнеше ойыншыны алдап өтіп, пас шығарған болатын. Пасқа бірінші жеткен Твумаси есепті 3:0-ге жеткізді. Ал, екі минут өткеннен кейін Масудовтың командасы елордалық ұжымның қорғаныстағы қателігін тиімді пайдаланып, есеп айырмасын қысқартты.
ҚПЛ. 3-тур. Астана
«Астана» - «Ақжайық» - 3:1
Голдар: Кабананга 11, Ллуллаку 13, Твумаси 62 - Рубио 64
«Астана»: Мокин, Аничич, Шитов, Маевский, Твумаси, Кабананга, Лулаку, Шомко, Логвиненко, Постников, Мужиков;
Қосалқы құрам: Мұртазаев, Бейсебеков, Жунусов, Жалмұқан, Наджарян, Прокопенко, Жақыпбаев, Эрич;
«Ақжайық»: Төлебаев, Говедарица, Николич, Одибе, Изу Азука, Рубио, Валиуллин, Сапанов, Сергиенко, Заречный;
Қосалқы құрам: Ерсәлімов, Макаев, Омаров, Шабаев, Чулагов, Антипов, Дельгадо, Коронель, Котляр.