«Тараз» бен «Қайрат» тең түсті (+ВИДЕО)
«Тараз» ел біріншілігінің кезекті турында алматылықты «Қайратты» қабылдады.
Бірінші тайм «Қайраттың» басымдығымен өтті. Ысқырық шалынысымен алматылықтақ шабуылға ден қойған болатын. Бауыржан Исламхан мен Жеррар Гоу бірнеше мәрте қақпадан саңылау іздеп көрді. Дегенмен, шабуылшылардың қателігінен ойында есеп ашылмады. Алғашқы тайм тең аяқталды.
Екінші таймда қонақтар гол соғуға ұмтылды. Бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, қақпа кілтін таба алмады. Тұрысбек 58-ші минутта гол соққан болатын. Бірақ, қапталдағы төреші жалаушасын көтеріп, шабуылшының ойыннан тыс қалғанын көрсетті. 63-ші минутта Бауыржан Исламхан мен Георгий Жуков соққы бағыттап, қақпа бағанасына тигізді. Қорытынды есеп - 0:0. Командалар ұпай бөлісті.
ҚПЛ. 3-тур. Тараз
«Тараз» - «Қайрат» - 0:0
«Тараз»:<span> </span>Бабаханов, Диарра, Фещук, Шипицин, Морис, Зайнутдинов, Кургулин (К), Әмірханов, Молтусинов, Таубай, Қожамберді.
Қосалқы құрам:<span> </span>Логиновский, Кеңесбек, Шадманов, Кан, Нұралы, Караман, Байжанов, Азовский, Карпык.
«Қайрат»:<span> </span>Покатилов, Маркович, Исаэль, Аршавин, Гоу, Арзо, Элек, Суюмбаев, Қуат, Тұрысбек, Исламхан (К).
Қосалқы құрам:<span> </span>Бакаев, Жуков, Райымбек, Балтабаев, Қуантаев, Вороговский, Анене, Иличевич, Грубов.