Ресейлік клубтардың еурокубоктардағы тапқан табысы белгілі болды
Ресейлік клубтардың еурокубоктардағы табысы анықталды, деп хабарлайды «Чемпионат»
«Ростов» Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасында ойнағаны үшін €16,5 млн табыс тапқан. Оның €12,7 миллионын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойындары үшін алса, €1,5 млн —«Баварияны» жеңген матч үшін, €1 млн — ПСВ-мен екі тең ойыны үшін, €0,5 млн — Еуропа лигасының 1/16 финалындағы ойыны үшін, сонымен қатар €0,75 млн 1/8 финалға шыққаны үшін алған.
Мәскеулік ЦСКА €14,2 миллионды Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнағаны үшін және үш тең ойын үшін алған. «Краснодарға» Еуропа лигасының 1/16 және 1/8 финалдағы ойыны үшін €4,9 млн түсті.
«Зенит» те дәл осы €4,9 млн көлемінде табыс тапты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или