Қазақстандық жаттықтырушылар Уэльсте білім алады
Қазақстандық жаттықтырушылар Уэльсте білім алады, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.
ҚФФ баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сүйенсек, жаттықтырушыларға арналған УЕФА семинары Ньюпортта 27 - 30 сәуір аралығында өтеді. Тәжірибе алмасып, білім алуға аттанатын жаттықтырушылар қатарында Қазақстан Ұлттық құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Қайрат Нұрдәулетов, 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Александр Кузнецов және 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкерінің көмекшісі Ерлан Махамбедиев бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или