Дик Адвокат жазда «Фенербахчеден» кетпекші
«Фенербахче» клубының бас бапкері Дик Адвокат маусым соңында өз қызметінен кетеді.
69 жасар голландиялық маман бұл шешімі туралы басшылыққа ескертіп үлгерген, деп хабарлайды, De Telegraaf.
Дик Адвокат «Фенербахче» клубын 2016-шы жылдың тамызынан бері жұмыс жасап келеді. Оның клубпен келісім шарты маусым соңында аяқталады.
«Фенербахче» Еуропа лигасында ресейлік «Краснодардан» жеңіліп жарыстан шығып қалса, ішкі біріншілікте тек төртінші келеді. Бірінші орындағы «Бешикташ» олардан он ұпай ұзап кеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или