«Ювентус» - «Порту»: Буффон мен Касильяс

«Ювентус» - «Порту»: Буффон мен Касильяс

07efcd62442c306e6f5b5a0a801136a9.jpg

Бүгін Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Ювентус» пен «Порту» арасындағы теке тірестің екінші бөлімі. Алғашқы ойында италияндық команда екі доп айырмашылығымен жеңіске жеткен.

Ойынның тікелей трансляциясын мына жерден таба аласыздар.

«Ювентус» биылғы маусымда өз алаңында әлі ешкімге есе жіберген жоқ. Оның үстіне өз алаңында 0-2 есебімен ұтылған «Порту» командасынан ерлік күту әбестік болар. Дегенмен футбол тарихында небір алынбастай көрінген командалар талай рет жер шұқып қалғаны бар. Футбол сонысымен де қызық. Кешегі «Барселонаның» ПСЖ қақпасына алты гол соғып келесі кезеңге өтуі көп командаларға футболда таңғажайып нәрселердің болып тұратынын аңғартып кетті. «Портуды» да осал команда дей алмаймыз. Чемпиондар лигасында осал команда деген болмайды да. Сондықтан, «Ювентус» келесі кезеңге шығып тұр деп айту әлі ерте.

Чемпиондар лигасының тарихында өз алаңында жеңіліп тұрып сырт алаңдағы жеңісінің арқасында келесі кезеңге өткен екі жағдай кездескен. Оның бірінде «Аякс» «Панатинаикостан» өз алаңында 0:1 есебімен ұтылып тұрып сырт алаңдағы 3:0 есебімен жеңіске жеткен.

Ал екінші жағдай «Интер» мен «Бавария» арасындағы теке тіресте орын алған. Италияндық команда өзінде 0:1 болып ұтылғанымен Германия жерінде 3:2 есебімен жеңіске жеткен.

91ff5aa1d1205ea6659ac4cd93a5576d.jpg

Бүгінгі «Ювентус» пен «Порту» ойыны қақпашылардың да керемет бәсекесі болмақ. Италия мен Испания құрамаларын өрге сүйреп, талай халықаралық турнирлерде топ жарған <span>Буффон мен Касильяс</span> сынды аңыздардың бұл үлкен турнирлердегі соңғы кездесуі болуы да мүмкін.

Қай жағынан алсақ та бүгінгі ойын тартысқа толы болары анық.

Кездесу Астана уақытымен 01:45 те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или